Ел жаңалықтары

Қатаң сөгіс алуы мүмкін Атырау облысы әкімінің орынбасары ауруханада жатыр

  • Қатаң сөгіс алуы мүмкін Атырау облысы әкімінің орынбасары ауруханада жатыр

    Қатаң сөгіс алуы мүмкін Атырау облысы әкімінің орынбасары ауруханада жатыр

Бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бергені үшін Атырау және Жамбыл облысы әкімдерінің жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жариялау жөніндегі Әлихан Смайыловтың (бірінші вице-премьер) ұсынысын қолдады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Атырау мен Жамбыл облыстарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттап кеткенін айтып, өңір басшыларының жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс беруді сұраған.

Атырау облысының әкімдігінде бағаны биыл қаңтар айында осы қызметке тағайындалған әкімнің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев қадағалайды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер azh.kz сауалына жауап беріп, сөгіс мәселесі өңір басшысы орынбасарының ауруханадан шыққаннан кейін қаралатынын айтқан. 

«Қазір ол ауруханада жатыр, сөгіс мәселесі жұмысқа шыққаннан кейін қаралады», - деп хабарлайды.

Қайрат Нұрлыбаев 1973 жылы 2 мамырда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (инженер-механик), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін (экономист) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатында аға референт ретінде бастаған.

1996-1997 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы «Мұқыр» акционерлік қоғамында жөндеуші-техник болып жұмыс істеген.

1999 жылы Қызылқоға ауданының Мұқыр селолық округі әкімінің аппаратына маман болып кіріп, Қызылқоға ауданы Мұқыр селолық округінің әкімі, Қызылқоға ауданының коммуналдық меншік, көріктендіру, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Одан кейін Құрманғазы ауданының Шортанбай селолық округінің әкімі, Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің одан соң аталған ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы, сондай-ақ Мақаш селолық округінің әкімі болып жұмыс істеді.

2008-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012-2019 жылдары аталған аудан әкімінің орынбасары болды. 2019-2021 жылдары Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.




Көрілген: 700    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 17:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31