Ел жаңалықтары

Қайрат Нұртастың әйелінің қарсыласы: Тағы бір қазақстандық "Әлем ханымы - 2020" байқауына қатысып жатыр

  • Қайрат Нұртастың әйелінің қарсыласы: Тағы бір қазақстандық

    Қайрат Нұртастың әйелінің қарсыласы: Тағы бір қазақстандық "Әлем ханымы - 2020" байқауына қатысып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Аяна Сұлтанбекова "Әлем ханымы" байқауына қатысады. Бірақ ол Қазақстанның емес, Орта Азияның намысын қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

32 жастағы Аяна Сұлтанбекова өтінім беру үшін конкурс ұйымдастырушыларымен тікелей байланысқан. 

 
"Ұйымдастырушылар Қазақстаннан үміткер бар екенін хабарлады және Орта Азиядан қатысуды ұсынды. Қазақстан арқылы маған, қарапайым, танымал емес қызға, ол жаққа өту мүмкін емес еді, өйткені Қазақстан ішінде конкурс болған жоқ. Сондықтан мен Орта Азиядан өкілсіз, өз бетімше өнер көрсетемін", - деді ол.

Биылғы жылы пандемияға байланысты байқау онлайн форматта өтеді, бірақ ұйымдастырушылар келесі жылы конкурсқа қатысушылардың өз жобаларын таныстыру үшін келуге мүмкіндігі болатынын хабарлады.

Айта кетейік, Аянаның аяғы ауыр, 6 айлық. Конкурстың онлайн өтетіні оның оң жамбасына келген. 

Аяна Сұлтанбекова Назарбаев университетінің "Мемлекеттік басқару" бағдарламасының магистранты. Жақында ол Сингапур тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы диссертациясын қорғады. Сонымен қатар, Аяна Еуразиялық топта жұмыс істейді, қайырымдылықпен айналысады. Сонымен қатар, ол 45+ жұмыспен қамту жобасында жұмыс істейді.

"Әлем ханым" - бұл халықаралық сұлулық байқауы, тұрмыстағы ханымдарға арналған, жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл байқау 2007 жылдан бері өткізіліп келеді, алғаш рет Болгарияда өтті. Оған әлемнің кез-келген елінен - тұрмыстағы, ажырасқан немесе жесір қалған 18-55 жас аралығындағы әйелдер қатыса алады.

Бұған дейін отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова "Әлем ханымы-2020" байқауына қатысатыны хабарланды.




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.12.2020, 12:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31