Ел жаңалықтары

Қайрат Нұртастың туған күніне Назарбаевтың немересі келді

Қайрат Нұртас 25 ақпан күні 32 жасқа толды. Әнші туған күн кешінде Нұрәлі Әлиевпен бірге түскен фотосын жариялады.

 
"Бүгінгі кештен естелік" , - деген жазба қалдырды Қайрат фото анықтамасында.

Көпшілік таң-тамаша болып, туған күннің қалай өткенін сұрап жатыр. Енді бірі әншіні туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады. 

"Туған күніңіз құтты болсын", "Жаңа жасыңыз құтты болсын, жастан жасқа жетіңіз", "Мерейіңіз арта берсін", "Нұрәлі Әлиев келді ме туған күніңізге?", "Қанда қарапайым жігіттер", "Басқа ешкімді шақырмадыңыздар ма?", "Өздері атап өткен шығар", "Айналаңыз жақсы адамдарға толы болсын", - деп жазды желі қолданушылары. 

"Туған күніңмен, Қайрош! Армандарыңа жете бер! Ес Ағаң екеуміз тілекшіміз", - де жазды айтыскер Сара Тоқтамысова.

"Құтты болсын, досым", - деп жазды Серік Ибрагимов. 

Қайрат Нұртас туған күнінде өзін өмірге әкелген ата-анасына алғысын айтты.

"Бүгін мені емес. мені дүниеге әкелген ата-анамды құттықтайтын күн. Яғни барша құттықтаушылармен бірге қосыла мынадай тілек-лебізімді білдіргім келеді: Әке, сіздің қабағыңыз - менің өмірлік сабағым. Сүрінген шағымда жасып кетпеуді, көтерілген шағымда тасып кетпеуді үйреттіңіз! Сол себепті өмірлік сабағымның алғашқы ұстазы - Сізсіз! Сізге мың алғыс!

Ана, сіздің жанарыңыз - өмірлік қамалым. Қуанған шағымда менен бұрын қуандыңыз,  мұңайған шағымда менен бұрын мұңайдыңыз! Бойымды жамандықтан сақтандырып, ойымды жақсылыққа аттандырдыңыз! Сондықтан да өмірлік қамалымның ең мықты қорғаны - Сізсіз! Сізге алғысым шексіз!Сіздер барда Қайраттың қайраты таусылмайды!", - деп жазды. 




Көрілген: 1144    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 14:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30