Ел жаңалықтары

Қайтыс болған өрт сөндірушіні "Айбын" орденімен марапаттады

  • Қайтыс болған өрт сөндірушіні

    Қайтыс болған өрт сөндірушіні "Айбын" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ақсулық өрт сөндіруші Арыстанбек Машрап қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды деп жазды Sputnik.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, орденді төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушінің әкесі Дулат Қабзолдинге тапсырды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға биыл 25 ақпанда Павлодар облысының Ақсу қаласында болды.

Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі Арыстанбек Машрап үйден шыққан өртті сөндіру кезінде көз жұмды. Тілсіз жауды сөндіру кезінде 1997 жылғы құтқарушының жағдайы нашарлаған.

Азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет етті.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Арыстанбектің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты әкесіне көңіл айтты.

"Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған ТЖ қызметкерлерінің ерлігі санамыздан ешқашан өшпейді", - деді ТЖ министрлігіндегілер.

Ведомство мәліметінше, 1991-2021 жылдар аралығында азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған.




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 13:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30