Ел жаңалықтары

Қазақ қызы жойғыш ұшақты тізгіндеді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақ қызы экипаж командирі атанды. Аға лейтенант Ардана Ботай бүгін Су-30СМ көпфункционалды жойғышын тізгіндеп, арнайы емтихан тапсырды.

 

Айта кету керек, Қарулы Күштері тарихында тұңғыш рет жауынгерлік ұшақты экипаж командирі ретінде әйел адам орындады.

 

Қазақстандағы әскери авиацияның жалғыз әйел ұшқышы Қарағанды әуе базасында қызмет етеді. Ол бірнеше ай бойы Талдықорған қаласында  арнайы оқудан өтті.

 

Жоғары маневрлі жойғыш ұшақпен ұшуға рұқсат алу үшін бірнеше ай бойы теориялық білім алып, бейімделген құрылғыларда жаттыққан.

 

Ардана Ботай:

 

– Кәсіби тұрғыда қалыптасуыма жасаған үлкен қадам болды. Алдағы мақсатым – біліктілігімді жетілдіріп, жер үстіндегі, әуедегі мақсаттарға және топтық ұшуларға машықтану. Көбірек даярлық бағдарламасына қатысу.

 

Су-30СМ – көпфункциональды жойғыш ұшақ. Ол кез келген ауа райында, күндіз де, түнде де ұшады. Әуеде барлау жүргізуге сондай-ақ аспандағы, жердегі, теңіздегі нысандарды жоюға арналған.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 1305    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 22:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30