Ел жаңалықтары

Қазақ Республикасының атауын қайтару керек - Азат Перуашев

  • Қазақ Республикасының атауын қайтару керек - Азат Перуашев

    Қазақ Республикасының атауын қайтару керек - Азат Перуашев

«Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақ Республикасы атауын қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл Алаш автономиясынан бастау алатын және қазіргі Қазақстанның негізін қалаған Қазақ Республикасына 100 жыл толды. Алдымен қателесіп Қырғыз автономиялық республикасы деп аталып, бес жылдан кейін Сұлтанбек Қожанұлы, Сәкен Сейфуллин, Жалау Мыңбайұлы және басқа да тұлғалардың арқасында республикамызға ұлтымыздың төл атауы қайтарылды.
Өткен жылы «Ақжол» демократиялық партиясы Үкіметке бұл тарихи датаны ресми түрде атап өтуді және Қазақстан атымен қатар тоталитарлық Кеңес билігінің өзі мойындаған Қазақ Республикасы атауын қолдану туралы мәселені көтерді. Бұл бастаманы Ш. Уәлиханов атындағы тарих институты қолдады. Бірақ біздің шенеуніктер үнсіз қалды. Сонда да біз тарихи бірлігімізді білдіретін Қазақ Республикасы мемлекеттік атауын қайтаруды жөн деп санаймыз», - деді «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А. Перуашев партия құрылтайында.

Биыл мамыр айында «Ақжол» демократиялық партиясы Президент Қ.Тоқаевтың сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау шараларын жалғастыру туралы тапсырмасына қолдау білдірді.

«Біз кеңестік-тоталитарлық биліктің қазақ халқына әдейі жасаған ашаршылықты халықаралық деңгейде зұлмат деп тануға шақырдық. Большевиктер әскерінің ұжымдастыру кезіндегі жүздеген қазақ көтерілісін жаншып-басуын, өз ауылдарын құтқарамын деп басын өлімге тіккен батырлардың ерлік істерін қайта қарау керек деп санаймыз. Тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін біз декоммунизация саясатын партиямыздың ресми бағыттарының бірі деп жарияладық», - дейді А. Перуашев.

Айта кетейік, «Ақ жол» демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайында партияның сайлауалды бағдарлама жобасы ұсынылды. Партия төрағасы Азат Перуашев бағдарламадағы ең негізгі басымдық &ndash Тәуелсіздік және Алаш ұлттық идеясы екенін атап өтті.




Көрілген: 1036    Пікірлер: 0

жұма, 20.11.2020, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31