"Қазақстан халқына" қорына қанша ақша түсті?

26 қаңтар 2022, 19:03

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қазақстандықтардан қанша ақша түскенін қордың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барша қазақстандыққа, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.

"2022 жылдың 16 қаңтары мен 25 қаңтары аралығында (қоса алғанда) қорға 65 703 қазақстандықтан 39,1 миллион теңге түсті. 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендерден 42,1 миллиард теңге түсті", - делінген хабарламада.

"Қазақстан халқы" қоры 20 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында "қайырымдылыққа қомақты үлес қосқан" Мухамед Избастин (100 миллион теңге) мен Рашит Махатты (50 миллион теңге) және мына ЖШС-ларды жеке атап өтті:

  • Kaz Minerals Aktogay - 6.2 миллиард теңге;
  • Kaz Minerals Bolzshakol - 6.2 миллиард теңге;
  • Kazakhmys Smelting - 5 миллиард теңге;
  • "Востокцветмет" - 3.1 миллиард теңге;
  • "Жеке қайырымдылық қоры "СӘБИ" - 1 миллиард теңге;
  • "Астана-Моторс" - 550 миллион теңге;
  • BI-Development - 300 миллион теңге;
  • "Сарыарқаавтопром" - 250 миллион теңге;
  • Nak Development - 100 миллион теңге;

"Қор жетім және басқа да дертке шалдыққан балаларға, халықтың әлеуметтік осал тобындағы мұқтаж отбасыларға, қаза тапқан әскери қызметкерлерге, құқық қорғау және арнайы органдарға, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді", - деді Қор өкілдері.
Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.