Ел жаңалықтары

Қазақстанда 1 шілдеге дейін сайлау учаскелеріне түгендеу жүргізу тапсырылды

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Қазақстан қалалары мен аудандарындағы сайлау учаскелеріне осы жылдың 1 шілдесіне дейін түгендеу жүргізу тапсырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 10-бабының 5-тармағына, 20-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. 2020 жылғы 1 шілдеге дейін сайлау учаскелерін түгендеуді жүргізсін.

 

2. Сайлау учаскелерін түгендеуді жүргізу туралы қоса беріліп отырған ұсынымдар бекітілсін.

 

3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана аумақтық сайлау комиссиялары тиісті әкімдермен бірлесіп:

1) белгіленген мерзімде сайлау учаскелерін түгендеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) түгендеудің нәтижелерін қорытсын және қорытынды ақпаратты белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 2020 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде ұсынсын.

 

4. Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері мен аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.

 




Көрілген: 1544    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31