Ел жаңалықтары

Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды

  • Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды

    Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды

Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды, сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді.
 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде декларанттар мен кеден өкілдерінің кедендік декларацияларды қайда тапсыруға болатынын хабарлады. 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының штаттық кестесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 1228 бұйрығына сәйкес мемлекеттік кірістер департаменттерінің құрылымына мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлайды: 

 1) Алматы қаласы бойынша МКД:
 - «Алмалы - КРО» кеден бекеті қысқартылды;
 2) Ақмола облысы бойынша МКД:
 - «Атбасар» кеден бекеті қысқартылды;
 3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:
 - «Қашаған» кеден бекеті қысқартылды;
 - «Морпорт» к/б «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды;
 - «Құрық» кеден бекеті құрылды;
 4) Түркістан облысы бойынша МКД:
 - «Түркістан-КРО» кеден бекеті «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекеті болып қайта аталды. 

Сонымен 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады.   

 

Осыған байланысты декларанттар мен кеден өкілдері кедендік декларацияларды беру үшін қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда болатын басқа кеден бекетін таңдауға құқылы, - делінген хабарламада. 
          


BAQ.KZ




Көрілген: 241    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31