Ел жаңалықтары

Қазақстанда бетперде тағу мәселесіне тағы өзгерту енгізілді

  • Қазақстанда бетперде тағу мәселесіне тағы өзгерту енгізілді

    Қазақстанда бетперде тағу мәселесіне тағы өзгерту енгізілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бетпердені тағуға қатысты тағы бір маңызды мәселені жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің бүгінгі онлайн отырысында денсаулық министрі бетпердені тағуға қатысты соңғы өзгерістерді еске салды. Атап айтқанда, қоғамдық көлікте, тамақтану орындарында және даладағы қоғамдық жерлерде бетперде кию керек. Бірақ бірқатар санаттағы адамдарға ондай талап тарамайды. Олар – бес жасқа дейінгі балалар және спортпен айналысатындар. Далада жаттығу жасайтындардың саны бес адамнан артық болмау керек және арақашықтық сақталуы шарт. Бұдан бөлек, таза аудағы қоғамдық тамақтану орындарында бетперде тақпауға болады.

"Сонымен қатар, медициналық көрсеткіштер бойынша бетперде тағуға болмайтын адамдар маска кимесе болады", – деді Цой.

Оның айтуынша, бетпердені тағудың арқасында инфекцияның таралуын барынша төмендетуге болады. Мәселен, бір адамның вирусты тарату көрсеткіші төрт есеге дейін азаяды.

"Бетпердемен жүрген адамның вирусты жұқтыру көрсеткіші 30 процентке төмендейді. Осылайша, одан инфекция жұқтырған адамдардың саны бір айдың ішінде бірден 300-ден 85-ке дейін түседі. Ал әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты шаралармен бірге оны бір адамға дейін азайтуға болады", – деп атап көрсетті Цой.

 

 




Көрілген: 272    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30