Қазақстанда бір аптада коронавирустан 28 адам қайтыс болды

20 қазан 2020, 16:12

Індет салдарынан көз жұмғандардың ең көбі Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан және Атырау облысында тіркелді. Қазақстанда бір аптада коронавирус инфекциясынан 28 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"12&ndash18 қазан аралығында коронавирус инфекциясынан 28 адам көз жұмды. Оның ішінде 13 науқас Шығыс Қазақстан облысында қайтыс болды", &ndash делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Қарағанды облысының әрқайсысында бір адамнан қайтыс болды. Ал Алматы қаласында төрт науқас, Атырау облысында екі науқас, Батыс Қазақстан облысында үш адам індет салдарынан көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Ауырған атасын өлдіге санаған: Ресейде COVID-19 диагнозымен "тірі адам" жерленді

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы басталған уақыттан бері республика бойынша індет жұқтырған адамдар саны 109 623-ке жетті, 1 799 адам қайтыс болды.


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20201020/15246810/Koronavirus-adam-qaytys-boldy.html