Қазақстанда бюджетке түсетін қаржы көлемі азайды

27 қазан 2020, 13:54

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Қазақстанның ішкі өнімі пандемия кезінде қаншалықты зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2020 жылдың 9 айындағы салықтық және кедендік әкімшілендіру" туралы онлайн баспасөз конференциясы барысында Сұлтанғазиев кірістер бойынша есеп берді.

"Осы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспар 92%-ға, республикалық бюджет 82%-ға, жергілікті бюджет 116%-ға орындалды. Республикалық бюджетке түсімдердің төмендеуіне пандемиямен байланысты сыртқы және ішкі факторлар әсер етті. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша базалық болжамға сәйкес, биыл әлемдік жалпы ішкі өнім 5,2 % қысқарылады деп күтілуде", - дейді Сұлтанғазиев.

 
Сонымен қатар, елімізде салық берешегі азайғаны белгілі болды. 

"Салық берешегі 5,2% -ға азайды, ол 195,5 млрд теңгені құрады. Кедендік әкімшілендіру шараларының күшеюіне байланысты Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздік 48% -дан 44% -ға дейін төмендеді", - дейді ол.