Ел жаңалықтары

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

  • Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

    Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Қазақстанда кәсіпкерлердің кәсіби мерекесі пайда болмақ. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Палата Ұлттық экономика министрлігі үкімет қаулысының жобасын әзірлеуге кіріскенін хабарлады. Оны бекіткен соң күнтізбеде жаңа мереке пайда болады. Яғни, 9 қыркүйек - Қазақстан кәсіпкерлерінің күні болып бекітілмек.

 Ресми кәсіби мерекені құру бастамасын Кәсіпкерлер палатасы көтерген. Тамыз айында идеяларымен Үкіметке жүгінді.

"Мереке табысқа жеткен, адамдарды жұмыспен қамтып, көмек көрсетуге талпынған кәсіп иелеріне алғыс пен құрмет білдіруге арналған", - деп атап өтті ҰКП-да.

Ұйым бұл мерекені АҚШ, Үндістан, ҚХР, Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Арменияда атап өтілетінін айтты. Сонымен қатар, екі халықаралық мереке бар: 15 сәуір - Халықаралық кәсіпкерлер күні және 21 тамыз - Дүниежүзілік кәсіпкерлер күні.

Stan.kz




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 16:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30