Ел жаңалықтары

Қазақстанда көп балалы аналарға 8 наурызға орай қандай жәрдемақы беріледі?

  • Қазақстанда көп балалы аналарға 8 наурызға орай қандай жәрдемақы беріледі?

    Қазақстанда көп балалы аналарға 8 наурызға орай қандай жәрдемақы беріледі?

Жақында БАҚ-та Түркіменстан үкіметі халықаралық әйелдер күні 8 наурызға орай әрбір әйелге екі доллардан бермек деген ақпарат таралған болатын. Осыған орай Stan.kz тілшісі жергілікті әкімдіктерге хабарласып, мерекеге байланысты қазақстандық көп балалы әйелдерге қандай көмек берілетінін сұрап білген еді.  

Нұр-Сұлтан қаласы

 Әлеуметтік төлемдер орталығының мәліметінше, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 23 810 көп балалы анаға 2,5 айлық есептік көрсеткіш - 7292 теңге көлемінде  ақшалай төлемдер түріндегі көмек беріледі.

Алматы қаласы

Алматы қаласы бойынша желтоқсан оқиғасына қатысқан көп балалы аналарға 16 желтоқсан қарсаңында және 9 мамырға арнап мерекелік жәрдемақы беріледі. Қала бюждетінен 8 наурызға арнайы жәрдемақы беру қарастырылмаған. Атаулы әлеуметтік көмек ай сайын уақытылы беріледі. 

Өскемен қаласы

Өскеменде мерекеге байланысты көп балалы аналарға қаржылай көмек беріледі.  Әлеуметтік көмекті төрттен астам бала тәрбиелеп отырған аналар ала алады. 

Қаржылай көмек бұған дейін "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдары, "Ана Даңқы" орденімен марапатталған және "Батыр-ана" атағын алған әйелдерге тағайындалады. Төлем сомасы 5 АЕК -14 585 теңгені құрайды. 

Өскемендік көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы 8 наурыздан кейін берілмек.

Атырау облысы

Атырау облысы бойынша көп балалы отбасыларды қолдау өз деңгейінде жүргізілуде. Бүгінгі таңда көп балалы отбасыларға республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы, демеушілер тарапынан азық-түлік топтамалары беріліп келеді.

Көп балалы, аз қамтылған аналарға 8 наурызға байланысты жергілікті атқарушы органдары демеушілер арқылы әлеуметтік көмектер беру қарастырылып жатыр, дейді әкімдік өкілдері. 

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген мәліметтеріне сәйкес, облыс бойынша 8 наурыз мейрамына орай барлығы 1226 көп балалы анаға 6812,5 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.

Соның ішінде 635 анаға 4413,5 мың теңгеге азық-түлік жиынтығы түрінде, 441 анаға 1649 мың теңгеге заттай сый-сияпат, 50 анаға 250 мың теңге, яғни, әр отбасыға 5 мың теңгеден ақшалай көмек көрсетілмек.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысы бойынша 8 наурыз мейрамына көп балалы аналарға бір реттік көмек және заттай көмек түрі қарастылған, жалпы 7014 көп балалы отбасыларға 46,3 млн теңге көлемінде көмек көрсету жоспарланыпты. 

Маңғыстау облысы

"Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған бірінші және екінші дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға халықаралық әйелдер күніне орай жергілікті бюджет есебінен бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 4810 теңгеден, облыстың басқа аудандарында екі айлық есептік көрсеткіш - 5834 теңге.  

Жамбыл облысы

Жамбыл облысында жеке санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттен көрсетілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы аясында 8 наурызға көп балалы аналарға әлеуметтік көмек ретінде жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмаған.

Ал Тараз қаласы бойынша барлық аудандарға 8 наурыз мерекесіне көпбалалы аналарға демеушілер тарапынан материалдық көмек қарастырылған. 

Қызылорда облысы

Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы әкімдігінің жоспарында мерекеге орай көп балалы аналарға көмек көрсету жоқ. 




Көрілген: 1129    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30