Ел жаңалықтары

Қазақстандағы парламент сайлауы қашан және қалай өтеді

  • Қазақстандағы парламент сайлауы қашан және қалай өтеді

    Қазақстандағы парламент сайлауы қашан және қалай өтеді

Қазақстан билігі де Қырғызстан сияқты сайлауды онлайн өткізуі мүмкін. Үкімет өкілдері ондай нұсқаны да қарастырып жатыр екен. Бірақ, жуырда ғана аяқталған "Нұр Отанның" праймеризінде осындай электрондық дауыс беруге қатысты дау туғаны белгілі. Соны ескерген бірқатар сарапшылар бұл идеяға күмәнмен қарап отыр. Ал, онлайн сайлауға қарсы азаматтар тіпті интернетте арнайы петиция жариялапты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Онлайн петицияда азаматтар президенттен онлайн және аралас дауыс беруге тыйым салуды сұраған. Олар интернетте дауыс беру "құпия дауыс беру" деген заң ережесіне қайшы екенін алға тартты. Сондай-ақ, жуырда "Нұр Отанның" праймеризі нәтижелері мұндай сайлау әділ өтпейтінін көрсеткенін атап өтіп, сайлауды карантин аяқталған уақытқа шегеруді ұсынған. Алайда, үкімет парламент сайлауын белгіленген уақытта өткізуді жоспарлап отырған сияқты. 

 
"Онлайн дауыс беру бола ма, даәстүрлі дауыс беру бола ма, біз барлық мүмкіндікті қарап жатырмыз. Санитария талаптары белгілі бір салаға байланысты емес, ол бәріне ортақ", - деді денсаулық сақтау министрлігі Алекцей Цой.

Ал экс-депутат Серік Әбдірахмановтың айтуынша, сайлаудың қалай өткені маңызды емес, басты мәселе оның барысын ұйымдастыру мен дауыс санын санауға тіреледі.

"Орталық сайлау комиссиясынан бастапы, барлығының құрамын өзгерту керек. Жақсы партия, жаман партия болсын, әйтеуір, тіркелген партиялардың өкілдері сайлар комиссияларын бастап, сайлау нәтижесін солар шығаруы керек. Осыған бармасақ, тура қырғыздың жағдай біздің Қазақстанға келеді", - дейді Серік Әбдірахманов.

Ал бұл талаптар орындалса партия рөлін сомдап жүргендер билікке қол жеткізуге барын салуы мүмкін екен. 

"Басқа партия өкілдері тіріле бастады, "Ақжолдың" өкілдері, басқалары. Енді міне сайлауда солар мінез көрсетеді. Партиялардың арасында момын, жуас боп отырған партиялар арасында нағыз талас басталады. Бұл жабық шеңбердегі демократия. Демократия - талас", - деді экс-депутат.

Заңға сәйкес парламент сайлауы келер жылдың 25 қаңтарынан кешікпей өтуі тиіс. Нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз. 

Айта кетерлік жағдай, қаржы министрінің осы жылдың бюджетіне қосымша сұраған қаражатының ішінде сайлау өткізуге шығын да қарастырылған. Алайда, министрлік өкілдері биыл қандай сайлау жоспарланғанын нақтылай алмады.




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31