Ел жаңалықтары

Қазақстандық полицейлер кроссовка киетін болды

  • Қазақстандық полицейлер кроссовка киетін болды

    Қазақстандық полицейлер кроссовка киетін болды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылдың соңында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысатынын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары кроссовка және берц киюі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz.

«Министр лауазымына тағайындалған кезде алдымен стратегияны өзгертетінімізді айттым. Екіншіден, білім деңгейі - полицейдің мәртебесін және халық алдындағы жауапкершілігін арттыру. Үшінші кезекте тек арнайы киімге көшеміз. Жыл соңында көшеде тікелей қызмет ететін патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторларды киіндіреміз. Форма қазірдің өзінде тексеріліп үлгерді, ол өте ыңғайлы. Көшеде қызмет ету үшін жаңа элемент - кроссовка, берц түріндегі аяқ киім енгізіледі, бұл полицейлер үшін қажет, себебі олар – жаяу патрульдер, халықпен тікелей жұмыс істейтін жедел қызметкерлер. Көшеде жұмыс істейтіндер үшін ыңғайлы форма болуы тиіс», - деді Тұрғымбаев.

Сондай-ақ, ІІМ басшысының айтуынша, патрульдік полицияның жаңа формасында түнгі уақытта оларды алыстан көруге мүмкіндік беретін шағылысатын элементтер қарастырылған.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде, орынды тексеру кезінде олар қауіпті учаскеде болғандықтан, киім элементтерін көрсететін таспалар алыстан көрінеді, бұл жүргізушілер үшін ескерту болады», - деді министр.

Ол екі жыл ішінде бүкіл қазақстандық полицияның киімдерін ауыстыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Әр киімнің кию мерзімі бар, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жаңасы берілуі керек. Дәл осы кезеңде жаңа форма беріледі. Осылайша, екі жыл ішінде бірте-бірте полицияның киімдердін толығымен өзгертеміз», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министр жаңа форманың құны қолданыстағы киімнен аспайтынын атап өтті.




Көрілген: 438    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 14:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31