Ел жаңалықтары

Қазақстандықтар ақысы төленетін қосымша 5 күн демалысқа шыға алады

  • Қазақстандықтар ақысы төленетін қосымша 5 күн демалысқа шыға алады

    Қазақстандықтар ақысы төленетін қосымша 5 күн демалысқа шыға алады

Қазақстан азаматтарына скринингтен өту үшін ақысы төленетін қосымша 5 күнге дейін демалыс берілмек. Мұндай норма «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының жаңа редакциясында қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Кодексте жұмыс берушінің жауапкершілігі де қарастырылып отыр. Олар қызметкерлеріне скринингтен өту үшін 5 күнге дейін ақысы төленетін демалыс береді. Барлық азаматтардың белгілі бір скринингтен тегін өтуге мүмкіндіктері бар. Балаларды жыл сайын медициналық тексеруден өткізу де қарастырылған. Жұмыс беруші ақысы төленетін демалыс беруге міндетті. Оны орындамаған жағдайда жұмыс берушіге айыппұл салынады»,- деді Мәжілісте аталған кодекс жобасын таныстырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.


Осы орайда министр жұмыс беруші қызметкерін скринингтен өту үшін ақысы төленетін демалысқа жіберсе қайда шағымдануға болатындығын айтты.


«Заң бойынша осындай жауапкершілік енгізілгеннен кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек құқықтарын қорғау, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің сапасын бақылау салаларындағы комитеттеріне шағымдануға болады», - деді министр.




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 17:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30