Ел жаңалықтары

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына 29 жыл толды

  • Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына 29 жыл толды

    Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына 29 жыл толды

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет атанды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі

1945 жылы құрылған БҰҰ 76 жыл өтсе де бүгінде баламасыз әмбебап жаһандық ұйым болып қала береді және бүкіл адамзаттың мүддесі мен қажеттілігіне аянбай қызмет етіп келеді.

 Тәуелсіздік алған кезден бері Қазақстан БҰҰ-мен табысты екіжақты әріптестік орнатып, Ұйым Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын толық ұстанатынын көрсетті. БҰҰ-мен тиімді ынтымақтастықтың қалыптасуына жоғары деңгейдегі көптеген байланыстар ықпал етті. 1992 жылдан бері Қазақстан Республикасының Президенті Ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне 11 рет барып, Бас Ассамблеяның жоғары деңгейдегі жалпысаяси дебаттарында 9 рет сөз сөйледі. БҰҰ Бас хатшылары Кофи Аннан, Пан Ги Мун және Антониу Гуттериш елімізге бірнеше рет ресми сапармен келді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарды.

Әр жылдары БҰҰ-ның мінберінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Қазақстанның негізгі халықаралық бастамаларының қатарына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру, БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарламасын құру, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау, Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру және т.б жатады.

Ұйымдағы мүшелігіміздің шарықтау шегі - Қазақстанның 2017-2018 жылдар аралығында Орталық Азияда бірінші болып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлануы болды. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі органға мүше болу Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы белсенді және жауапты серіктес ретіндегі беделін нығайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстанның БҰҰ-мен екіжақты қарым-қатынасы тек әлемдік және аймақтық деңгеймен ғана шектелмей, елімізде де қарқынды дамып келеді. ҚР Үкіметінің БҰҰ-мен ынтымақтастығы 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму жөніндегі ынтымақтастықтың Негіздемелік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады. Ол үш бағыттағы жұмысты қамтиды: адами даму және тең қатысу; тиімді институттар, адам құқықтары және гендерлік теңдік; тұрақты қоршаған орта және инклюзивті экономикалық даму.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Ұйым жүйесінің 23 құрылымы жұмыс істейді.

2019 жылдың 1 мамырында ҚР Президентінің қатысуымен Алматыда БҰҰ жүйесінің 16 ұйымы орналасқан халықаралық ұйымдардың жаңа ғимараты ашылды.




Көрілген: 197    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 14:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30