Ел жаңалықтары

Көкек ана сәбиін көшеге тастауды арнайы жоспарлаған (ВИДЕО)

  • Көкек ана сәбиін көшеге тастауды арнайы жоспарлаған (ВИДЕО)

    Көкек ана сәбиін көшеге тастауды арнайы жоспарлаған (ВИДЕО)

Павлодарда учаскелік полиция инспекторлары алдын ала жоспарлап, сәбиін көшеге тастап кеткен 33 жастағы ананы ұстады. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды. 

«26 қараша күні сағат 20:40-та полицияға Павлодар қаласындағы «Автовокзал» трамвай аялдамасының орындығынан 8-9 айлық бала табылғаны туралы хабарлама түсті. Сырттай қарағанда бала бойында көзге көрінетін дене жарақаты анықталған жоқ. Дереу бағдар жасалып, барлық аумақтық және шекара маңындағы аудандарға таратылды. Жақын маңдағы барлық көшелер тексерілді, куәгерлер мен көргендер арасында сауалнама жүргізілді», - дейді облыстық  ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.

Учаскелік инспекторлар жедел түрде 32 жастағы павлодарлық басқарған Toyota Camry автокөлігін анықтаған.

«Жүргізушінің айтуынша, ол мобильді қосымш арқылы жолаушыларды тасымалдаумен айналысады.  Сол күні ол Семей қаласынан (ШҚО - AR) Павлодар қаласына баласы бар әйелді алып келіп, автовокзалға қалдырып кеткен. Екі сағаттан астам уақыт өткеннен кейін күдікті әйел ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді  Нұрлан Мәсімов. 

Полиция әйелдің тұрмыста емес екенін анықтады. Кәмелетке толмаған 9 және 1,2 жастағы екі баланы тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Екібастұз қаласында әжесімен бірге тұрады. Соңғы жылдары ол өзі Тараз қаласында тұрған. Ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлаған.

Жедел жәрдем дәрігерлері сәбиді тексеріп, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызды.

ВИДЕО https://www.instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita/?utm_source=ig_embed




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31