Ел жаңалықтары

Қолында сәбиі бар жалаңаш әйел өскемендіктерді шошытты (видео)

  • Қолында сәбиі бар жалаңаш әйел өскемендіктерді шошытты (видео)

    Қолында сәбиі бар жалаңаш әйел өскемендіктерді шошытты (видео)

Өскеменде қолында сәбиі бар жалаңаш әйелді көшедегі куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті басылымға сілтеп хабарлайды.

Әдепсіз қылық көрсеткен тұрғын Өскемендегі Гагарин бульварындағы адамдардың назарына түсті. Әйелдің үстінде киім болмаған және қолындағы сәбиі де жалаңаш. Ал бұл кезде қала температурасы он градусты көрсетіп тұрыпты.

 
Әйел бағдаршамға тоқтап тұрған көліктердің жанына барып, тисе бастаған. Көлік иесі оны ішке кіргізген соң, айқайлап көмекке шақыра бастаған.

Сол маңнан өтіп бара жатқандар айқайлаған дауыстан қашып, кейбірі полиция шақырған. ШҚО ПД  көшеде жұрттың мазасын алған әйелдің 1987 жылы туғанын, қолындағы баласы алты айлық екенін анықтады.  

"Ол арнайы медициналық мекемеге жеткізілді. Онда білікті дәрігерлер оған не болғанын анықтайды. Сәбиді ана мен бала орталығына апарды, жағдайы бірқалыпты", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінің қызметкері Әйгерім Нұрғазина.

Ескерту! Балағат сөздер бар!




Көрілген: 898    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31