Ел жаңалықтары

Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген

  • Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген

    Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген

Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген, – деп мәлімдеді «Хабар 24» арнасында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.

Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, коронавирус жұқтырған 1991 жылы туған азаматша 23 наурыз күні «Шарм-эль-шейх – Алматы» рейсімен ұшып келген.

«Бастапқы тексеру кезінде одан және Қостанай облысының тағы 4 азаматынан вирус табылған жоқ. Осылайша олар Жамбыл облысындағы Отар стансасынан пойызға отырып, Қостанайға бағыт алған. Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдады. Аталған тұлғалар және олармен байланыста болған барлық жолаушылар мен жолсерік, барлығы 12 адам оқшауланды. Емханадағы талдау теріс нәтиже көрсетті. Он екінші күні қайтадан алынған талдау аталған азаматшада оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсетті.Қазіргі уақытта тиісті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр», – деді Марат Жүндібаев.

aikyn.kz




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 23:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31