Ел жаңалықтары

Коронавирусқа байланысты зарарсыздандыру шараларына ҚР қарулы күштері тартылады

  • Коронавирусқа байланысты зарарсыздандыру шараларына ҚР қарулы күштері тартылады

    Коронавирусқа байланысты зарарсыздандыру шараларына ҚР қарулы күштері тартылады

Қалаларды зарарсыздандыру шараларына ҚР қарулы күштері жұмылдырылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дезинфекция

 

 

Бұл туралы ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев мәлімдеді.

«ҚР қарулы күштерінің жеке құрамы төтенше жағдайды қамтамасыз етуге белсенді қатысуда. Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығын қорғау және заңды құқықтарын сақтау туралы тапсырма берді. Алдын ала әзірлік қажетті күштер мен құралдарды мобилизациялауға және дайындық күйіне келтіруге мүмкіндік берді. Коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу үшін қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесі арнайы техниканы қолдана отырып территориялар мен нысандарға дезинфекция жасауға кірісті», - дейді вице-министр.

Бұған қоса министр орынбасары әскери медициналық мекемелер азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында тиісті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

«Бұл үшін дәрігерлік 24 топ құрылды. ҚР денсаулық сақтау министрлігімен байланыс орнатылды. Әскери қызметшілер ішкі істер органдарымен бірлесіп елді мекендер мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы карантинді аумақтарда блок-посттарды күзетуде. Бұл шаралар коронавирустың елімізде таралуының алдын алады. Қарулы күштер қолданатын шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз», - дейді ол.

 

 




Көрілген: 186    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 01:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30