Ел жаңалықтары

"Құлағынан ұста, ұр": Қарағандыда әкесі бірінші сыныпта оқитын ұлына қарсыласымен төбелесуге "көмектесті"

  • "Құлағынан ұста, ұр": Қарағандыда әкесі бірінші сыныпта оқитын ұлына қарсыласымен төбелесуге "көмектесті"

Қарағандыда балалар арасындағы төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Көршілері ойын алаңындағы алты жасар баланың жеті жасар баламен төбелесін телефонға түсіріп алған. Бұл ретте олардың біреуінің әкесі балаларды ажыратудың орнына, қалай және қайда ұру керектігін айтып тұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

"Қалпағыңды шеш, оны құлағынан ұста. Ұр, ұр. Денис, ары кет. Сергей, мен саған не айттым, құлағынан ұста. Басынан ұр, қолынан ұста, сен оны неге ұстап тұрсың?"- деп айқайлайды ер кісі.

 Осы сәтте қарсыласының астында қалған бала жылай бастайды және тыныс ала алмай жатқанын айтып, айқайлай бастайды.

Ер адам күресіп жатқан ұлдарға жақындап, ұлына қарсыласын қалай жеңу керектігін түсіндіреді.

"Осылай құлағынан ұста, ұр. Оны ұр, сен неге тұрсың?" - дейді ол.

https://www.instagram.com/skandal_krg/?utm_source=ig_embed

Бір кезде ер адам баласына қарсыласын ұруға ​​көмектеседі, оны жатқан жерінен тұрғызады.

Қарағандының білім бөлімі оқиға Пришахтинскідегі 1-сынып оқушылары арасында болғанын хабарлады.

"Ұлдардың бірінің әкесінің мінез-құлқы қолайсыз деп саналады. Аталған факті Киров полиция бөлімінде тіркелген, ол бойынша тексеру жүргізілуде. Жағдай Октябрь ауданы прокуратурасының бақылауында", - деп мәлімдеді ведомствода.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 21 қазанда болғанын хабарлады.

"Киров полиция бөлімінде 7 жасар балаға Зелинский көшесіндегі балалар алаңында 39 жастағы Қарағанды тұрғынының дене жарақатын салу фактісі тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша шешім қабылданады. Мән-жайлар анықталуда", - деп түсіндірді полицияда. 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31