Ел жаңалықтары

"Құтылу қажет": Тоқаев халық сеніміне ие болу үшін не істеу керектігін айтты

  • "Құтылу қажет": Тоқаев халық сеніміне ие болу үшін не істеу керектігін айтты

Тұрақты дамудың негізі - адам құқықтары қорғау және заңның үстемдігі, деп атап көрсетті Қазақстан президенті
Cот билігінің тәуелсіздігі осы жүйеге деген халықтың сенімін арттырудың міндетті шарты болып саналады. Қазақстан судьяларының VIII съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Отандық және халықаралық сарапшылар судьялардың әлі күнге дейін соттар мен алқалардың төрағаларына тәуелді екенін айтып жатыр. Ондай тәжірибені қабылдай алмаймыз, одан құтылу қажет. Тағы бір маңызды проблема &ndash судьялардың құқық қорғаушыларға тәуелді болуы. Судьяның тәуелсіз екеніне ешкім күмәнданбауы тиіс. Азаматтар, бизнес пен инвесторлар қазақстандық соттардың әділ әрі бейтарап шешім шығарып жатқанына сенімді болуы шарт", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, сот жүйесіне сапалы реформа жасау үшін ең алдымен судьялардың кәсіби дайындығына баса назар аудару қажет. Сот әділдігі болуы шарт. Сондай-ақ, инновациялық технологияларды қолданған жөн.

"Негізгі басымдық &ndash адам құқықтары мен құқық үстемдігі. Жетекші елдердің тәжірибесі бір нәрсені анық көрсетті, тұрақты дамудың негізі ол - адам құқықтары қорғау және заңның үстемдігі. Ал сот билігінің тәуелсіздігі осы жүйеге деген халықтың сенімін арттырудың міндетті шарты болып саналады", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Айта кетейік, Жоғарғы сотта Қазақстан судьяларының VIII съезі өтуде. Отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн байланыс арқылы қатысып отыр.
 




Көрілген: 1039    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30