Қытайлық коронавирус Финляндияға жетті
Финляндия билігі елдегі коронавирусты жұқтырған адам бар екендігін растап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Коронавирус осымен 18-ші мемлекетке жетіп отыр. Науқастардың көпшілігі қытайлықтар екен. Бір күн ішінде ауруды жұқтырғандардың саны 2000-нан асқан. Вирус Қытайдан Таиландқа, Малайзияға, Жапония мен Сингапурге, АҚШ және Вьетнамға таралған. Ал осы аптада індет Францияда, Автралияда, Германияда, Канадада, Үндістанда, БАӘ-де және Тибетте тіркелген.
Инфекцияға шалдыққандардың саны күн санап артуда. Қытайлық дәрігерлер болжалды түрде ауруды жұқтырғандар 9000-ға жетуі мүкін дейді. Осыған байланысты ДДСҰ дабыл қағып, тағы да кеңес отырысын шақырған. Осы жиында әлемде төтенше жағдай жариялау қажеттілігі туралы талқыланады.