Ел жаңалықтары

Қыздар университетінің жерін сатқанда қайтыс болған адамның қолын пайдаланған болуы мүмкін – заңгер

  • Қыздар университетінің жерін сатқанда қайтыс болған адамның қолын пайдаланған болуы мүмкін – заңгер

    Қыздар университетінің жерін сатқанда қайтыс болған адамның қолын пайдаланған болуы мүмкін – заңгер

Алматыда оқу орнына тиесілі жер дауы шешімін таппады.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 9 гектар жерін сатқанда күдіктілер қайтыс болып кеткен адамның қолын пайдалануы мүмкін. Бұл туралы заңгер Бақытжан Базарбек мәлімдеді, – деп жазады 24.kz.
Қазіргі таңда 70 шақты жаңа үй тұрғызылып, инфрақұрылымы жүргізілген Алматы облысы Кемертоған ауылына қарасты «Таңдаулы сенім» саяжай қауымдастығының жерін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті даулап отыр.

Арызданушы тарап жер телімдерінің заңсыз сатылғанын алға тартуда. Ал жерді адал ақшасына сатып алған тұрғындар біздің тағдырымыз қалай болмақ деп алаңдаулы. Тұрғындардың қолында тиісті құжаттары да бар. Олардың алды жерді 2018 жылы сатып алған.
Құжатқа қатысты Қарасай ауданы әкімдігі тергеу жүріп жатқанына байланысты ешқандай жауап бермеген.

Ал ауданның қазіргі әкімі Жандарбек Далабаевпен болған кездесуді тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алған.

Заңгер, жер телімдері бойынша құқықтық сарапшы Бақытжан Базарбек бұл хат шындыққа жанаспайды дейді. Хат қылмыстық істің материалы ретінде тіркеліпті.

Заңгер, жер мәселелері бойынша сарапшы Бақытжан Базарбек: «Біріншіден, ол хаттың нөмірін алсаңыз, ол нөмір бойынша әйелдер университетінің ішкі құжаттамасы бойынша басқа хат тіркелген. Бұл – хаттың жалғандығының бір белгісі. Екіншіден, мұндай хаттар әйелдер университетінің атынан әзірленетін хаттар тиісті түрде бланкпен әзірленуі тиіс. Ол жерде ондай емес. Үшіншіден, хатқа қол қойған адам қайтыс болған. Яғни қайтыс болған адамды пайдаланып, оның атынан тиісті жалған хатты әзірлеп, хатты дәлел ретінде көрсетіп жатыр», – дейді.
Дау болған жер телімі 2000 жылы сол кездегі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына тәжірибе жұмыстарын жүргізу мақсатында берілген. Ал 2018 жылы бірнеше телімге заңсыз бөлініп, жалған құжаттармен рәсімделіп, кейін тұрғындарға нарықтық бағамен сатылған.

aikyn.kz




Көрілген: 227    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 10:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 11:26
    ТАРИХ ЖАСАҒАН ТҰЛҒА
    1 Желтоқсан, 15:36
    БІЛЕКТІ БАУЫРЖАН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31