Ел жаңалықтары

Қызылорда облысында балаларын вакциналауға қарсы ата-аналар дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған

  • Қызылорда облысында балаларын вакциналауға қарсы ата-аналар дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған

    Қызылорда облысында балаларын вакциналауға қарсы ата-аналар дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алғабас ауылында балаларына вакцина салынғанына қарсы ата-аналар түсндіру жұмыстарын жүргізген санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне жұмыртқа лақтырды. Видеоны жергілікті блогер Facebook желісінде жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ата-аналар түсіндіру тобына сұрақ жаудырған, не үшін қарсысыз деген сұраққа айтар жауаптары да дайын болған. Біреулер вакцинаның салдарынан қорқатынын айтса, енді бір ата-ана түсіндіру тобын түсінбегенін айтып шағымданыпты, онсыз да денсаулығында кінәрат бар балаларына ешқандай екпе салдырмайтынын ашып айтқан ата-аналар да кездесіпті.

 
Әйелдің мұндай әрекеті облыс тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Халық оған тиісті шара қолдануды сұрайды.

"COVID-19 және коронавирус инфекциясына қарсы екпе ойлап тапқан дәрігерлер емес. Олар ауылдар мен аудандарға еріксіз, қызметтік міндеттеріне байланысты барады. Сондықтан оларға мұндай әрекет жасау әділетсіздік деп санаймыз", - деп наразылықтарын білдірді тұрғындар.

Шиелі ауданының әкімдігі жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін растады. Бірақ оған қарсы шара қолдану олардың құзыретінде емес.

"Ақпараттық-түсіндіру тобы келген кезде бірқатар азаматтар жүргізіліп жатқан екпеге наразылықтарын білдірді. Ал жиналысқа қатысушылардың бірі қоғамға жат әрекет жасап, дәрігерлерге жұмыртқа лақтырды. Оған құқықтық баға берілді. Бұл іс құзырлы органдардың құзырында", - деп жауап берді Шиелі ауданы әкімдігі.

Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыға қатысты материалдар жинақталып, сотқа жіберілгенін айтады.

"Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округіндегі мәдениет үйінде болған оқиға бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің ("ұсақ бұзақылық") 434 - бабына сәйкес хаттама толтырылды", - делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 18:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31