Ел жаңалықтары

Қызылорда облысының дәрігерлері ПТР-сынамасының нәтижесін теріс көрсетіп, жалған анықтама сатқан

  • Қызылорда облысының дәрігерлері ПТР-сынамасының нәтижесін теріс көрсетіп, жалған анықтама сатқан

    Қызылорда облысының дәрігерлері ПТР-сынамасының нәтижесін теріс көрсетіп, жалған анықтама сатқан

Қызылорда облысында ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен жалған анықтамаларды сатқан медицина мекемесінің екі қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қызылорда облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі медицина мекемесінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді бастады. Олар 2020-2021 жылы жүйелі түрде, COVID-19-ға арналған ПТР-сынамасының теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалар сатып келген. Анықтама вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшыларға, шетелге саяхатқа шығушыларға, Байқоңыр қаласына кіру және т.б. әртүрлі мақсатта пайдалану үшін берілген",- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Ол бір жалған анықтама құны жеті мың теңгеден болғанын хабарлады.

"Сонымен қатар, медицина қызметкерлері Ұлттық сараптама орталығының аймақтық бөлімшесі лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы заңсыз сыйақы алағаны мәлім болды.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы тұрғындарына ПТР-сынама тапсырғаны туралы 60-қа жуық жалған анықтама берілгені анықталды. Жалған анықтамалар жасалған компьютерлік техника анықталып, мөр тәркіленді. Медицина қызметкерлері өз кінәсін толық мойындады", - деді Бигайдаров.

Тергеу мүддесіне байланысты бұдан басқа ақпарат жария етілмейді.




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 16:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30