Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді

15 қаңтар 2022, 14:05

Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген.

Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 млн теңгеге бағалаған.

«Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты», - делінген хабарламада.
Заттай айғақтар тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.