Ел жаңалықтары

Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский өмірден өтті

  • Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский өмірден өтті

    Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский өмірден өтті

Мәжілістің V және VI шақырылымдарының депутаты Глеб Щегельский көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельскийдің қазасына байланысты көңіл айтты.

 
"Глеб Анатольевич Щегельскийдің мезгілсіз дүниеден өткені туралы қазалы хабар ауыр тиді. Ол адамгершілік және кәсіби қасиеттерімен ерекшеленетін, өте сезімтал, елгезек және аса жауапты жан еді. Қазақстанның шынайы патриоты болатын. Әлбетте, Глеб Анатольевич Қазақстан заңнама базасын жетілдіруге өте қомақты үлес қосты. Біз заң жобаларымен жұмыс істегенде де, басқа да өзекті тақырыптар жайлы сөйлескенде де өте көп мәселелерді талқылайтынбыз. Соның бәрінде ол тақырыпқа жан-тәнімен кірісіп, жұмысқа адалдығымен ерекшеленетін еді. Ол үшін елінің және қоғамның мүддесі бәрінен жоғары тұратын. Осындай қиын сәтте марқұмның жақындарына бүкіл депутаттық корпус пен өз атымнан қайғырып көңіл айтамын. Ол кісілерге қолдау көрсетіп, жылы сөзімді жеткізгім келеді. Керемет адам, сенімді әріптес, ниеттес дос, депутат Глеб Анатольевич Щегельскийдің жарқын бейнесі мәңгі жадымызда жаңғырып тұрады", - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Глеб Анатольевич Щегельский 2020 жылғы 17 қазанда 51 жасында жүрек талмасынан мезгілсіз дүние салды.

Ол 1969 жылы Степногорск қаласында дүниеге келген еді. Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтын бітірген.

Еңбек жолын Ақтөбе ферроқорытпа зауытында балқытушы және инженер болып бастаған.

Әр жылдары түрлі кәсіпорындарды басқарған, Ақтөбе әкімінің бірінші орынбасары, "Рика ТВ" ЖШС директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінің Ақтөбе техникалық реттеу және метрология департаментінің директоры болған.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - мәжілістің бесінші шақырылымының депутаты болған. 

2016 жылғы 24 наурыздан бастап - алтыншы сайланған мәжілістің депутаты, экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы.

Депутаттың артында төрт баласы қалды.




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 19:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31