Ел жаңалықтары

Мәжілістің бұрынғы депутаты комитетке басшы болып келді

  • Мәжілістің бұрынғы депутаты комитетке басшы болып келді

    Мәжілістің бұрынғы депутаты комитетке басшы болып келді

Мұрат Теміржанов VI шақырылымындағы парламент мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды
Мұрат Теміржанов ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Мұрат Баритұлы Теміржанов ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мұрат Теміржановтың өмірбаяны
Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында салық комитетінің салық инспекторы болып бастады.

2001 жылы Зеренді ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарды. Әртүрлі жылдары жекеменшік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2013-2014 жылдары Президент әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының консультанты міндетін атқарушы, консультанты болды.

2016-2021 жылдары – VI шақырылымындағы парламент мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Биыл қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.
 
 




Көрілген: 241    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 16:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30