Ел жаңалықтары

Маңғыстау облысында пайдаланылмаған 1,4 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

  • Маңғыстау облысында пайдаланылмаған 1,4 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

    Маңғыстау облысында пайдаланылмаған 1,4 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданында 2,5 млн гектар жер 30 жыл бойы мақсатсыз пайдаланылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл облыстық прокуратура қызметкерлерінің арнайы тексерісі барысында анықталды. Жер телімі өткен ғасырдың 90-жылдары ауыл шаруашылығы саласына деп берілген екен. Бірақ, ол жердің барлығы бірдей жайылымдық емес, басым бөлігі құмды аймақ болып шықты. Яғни, о баста дұрыс берілмеген.

Сосын әлгі 2,5 млн гектар аумақ бір ғана серіктестікке тиесілі болған. Осыған байланысты, аудан әкімдігіне заң бұзушылықты жою жөнінде ұсыныс беріліп, ол жердің 1 млн 400 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. 

«Бас прокурордың тапсырмасы шеңберінде Маңғыстау облысы прокуратура қызметкерлерінің пайдаланылмай жатқан және тиімсіз пайдаланылып жатқан жер учаскелерін анықтау бағытындағы жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Наурыз айында осы деректер бойынша прокурордың актісін орындау шеңберінде мемлекетке 1,4 млн гектар жер учаскесі қайтарылды», - деді облыстық прокуратура қоғамдық мүддені қорғау басқармасының прокуроры Файзулла Жаңабаев.

 

 




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.05.2020, 23:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30