Ел жаңалықтары

Медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейі артады

  • Медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейі артады

    Медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейі артады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейін арттыруға көмектеседі. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының мұрындық болуымен өткен ашық пікірталаста Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Мемлекет денсаулық сақтау саласына яғни, халыққа көрсетілетін тегін медициналық қызметтерге жыл сайын бір триллион теңгеге жуық қаржы бөледі. 2017 жылы салаға жалпы мемлекет пен азаматтардың жеке шығындарын қосқанда 1 трлн 759 млрд теңге шығын жұмсалған. Оның 40 проценті немесе 550 млрд теңгесі – халықтың «қалтасынан» шыққан қаражат. Яғни, азаматтардың жеке шығындары 2010 жылмен салыстырғанда 3 есе артқан. Келер жылдан бастап енгізілетін сақтандыру жүйесі осы шығындардың өсу қарқынын төмендетуге көмектеседі», - деді министр.

Айтуынша, сақтандыру арқылы өмір бойы қаржы тапшылығының зардабын тартып келе жатқан консультативтік-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру деңгейін үш есе арттырамыз. Мысалы, біз қазір салалық маманның консультациясына 700 теңге төлейміз, ал, нарықта оның құны шамамен 5-6 мың теңге тұрады. Мемлекеттік емдеу мекемелерінде білікті мамандардың тұрақтамау себебі осында. Ал, сақтандыру жүйесі ісе қосылғаннан кейін тарифтерді 15 процентке өсіруге мүмкіндік туады», - деді Елжан Біртанов саладағы реформаларды талқылауға арналған жиында.

Бірақ бұл медициналық қызмет бағасы қымбаттайды деген сөз емес. Тариф тек мемлекет пен емдеу мекемлерінің арасындағы процедура, деп қосты ол.

Сонымен қатар, бағасы қымбат болып келетін қызметтердің көлемі де артпақ.

«Қазір біз мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жасалатын операцияларға белгілі бір шектеу қоюға мәжбүрміз. Лимиттен артық отаға ақша төлей алмаймыз. Ал, медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін мемлекеттік тапсырысты өсіреміз»,деп атап өтті министр.


 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 15:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31