Ел жаңалықтары

Министр картоп бағасын кім өсіріп отырғанын айтты

  • Министр картоп бағасын кім өсіріп отырғанын айтты

    Министр картоп бағасын кім өсіріп отырғанын айтты

Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров картоп бағасын кім өсіріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Картоптың бағасын алыпсатарлар өсіріп отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров кінәнің бәрін делдалдар мен супермаркеттерге жапты. Оның үстіне біздің картоп әлі пісіп үлгермеген. Сондықтан нарықты көрші елдердің өнімі жаулап жатыр екен.

“Егер баға туралы айтар болсақ, біздің ауыл шаруашылығы өндірушілері өз қоймаларынан 200 теңгеден сатады. Қалғанын оның үстіне арадағы алыпсатарлар мен супермаркеттер қосып отыр”, – дейді ауыл шарушылығы министрі Сапархан Омаров. 

Министрдің айтуынша, біздің ел картоп тұтыну көлемінен жыл сайын асыра өндіріп келеді. Мысалы, қазақстандықтар жылына 3 690 тонна картоп тұтынатын болса, өндіру көлемі 4 мың тонна, яғни 8 пайыз артық. Тек осы күндері Қырғызстан мен Өзбекстан сынды көршілерімізде ауа райының ерекшелігіне байланысты картоп ертерек піскен. Сондықтан дүкендерімізде солардың өнімі пайда болды дейді министр. БҰҰ-ның мәліметінше, мемлекет өзін азық-түлікпен 80 пайыз қамтамасыз ете алса, ол мұқтажсыз ел саналады. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 80 пайыздан асады. Дегенмен біздің елде тапшылығы сезілетін тағам түрлері де баршылық. Оның ішінде: балық, алма, құс еті, шұжық, сүзбе және ұнтақ қант бойынша еліміз тек 50-60 пайыз қамтылған.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы килограммына 500 теңгеге қымбаттап кеткені туралы жазған болатынбыз.




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 00:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31