Ел жаңалықтары

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: құтқарушылар кеңесі

  • Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: құтқарушылар кеңесі

    Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: құтқарушылар кеңесі

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген онлайн-брифинг барысында қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелері мен мұздағы қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 Құтқарушылар қыста жолда сақ болуды және дауылды ескерту жариялаған кезде алыс жолға жолға шықпауды кеңес етеді. Жүргізушілер алыс жолға шығар алдында ауа райына мән беруі қажет.

«Аяқастынан мұз опырылып, су астына кеткенде не істеу керек? Үрейге бой алдырмай, орынсыз әрекет жасамай, тыныс алуды бақылауда ұстау керек. Қолыңызды кең жайып, мұздың шетіне жабысуға тырысыңыз. Ағым сізді су астына алып кетпес үшін жылдам қозғалмай, мұздың шетіне ұстап, оған бірінші, артынан екінші аяғыңызды шығарыңыз. Келген жағыңызбен шығып кетуге тырысыңыз. Себебі ол жақтың мұзы қалыңырақ», - деді спикер.
Сондай-ақ, ол мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін кемінде 7 см болуы керек екенін, мұз айдынын салу үшін – 12 см немесе одан да көп, жаяу жүргіншілер өткелін жасау үшін – 15 см және одан да көп, автомобильдердің өтуі үшін кемінде 30 см болуы керек екенін еске салды.

Бұл ретте мас күйінде мұзға шығуға, секіруге және мұз үстімен жүгіруге, бір орында көп адам жиналуға, жұқа мұзға шығуға үзілді-кесілді тыйым салынады.




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 00:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30