Ел жаңалықтары

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

  • «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

    «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Ауыл мектептері оқушылары арасындағы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. 24 ақпанда басталған тіркеу 24 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі, «Елбасы Академиясы» КҚ-на сілтеме жасап.

 Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады. Қатысуға Қазақстанның ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6 сынып оқушылары шақырылады.

«Түрлі олимпиадаларды өткізу тәжірибесі ауыл балаларының аз қатысатынын көрсетеді. Статистика бойынша облыстық және республикалық олимпиадаларға ауылдық мектеп оқушыларының 13-14%-ы қатысады, бұл олардың дайындық деңгейіне және олимпиада өткізілетін орындардан алшақтығына байланысты. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ауыл оқушыларын ғана қамтитын «Мың бала» ұлттық олимпиадасын өткізеді», &ndash деп хабарлады «Елбасы Академиясы» Корпоративтік Қорының басқарушы директоры Ануар Жанғозин.
«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу онлайн форматта өтеді. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.

Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде білім алатын оқушылар қазақ тілі, орыс тілінде білім алатын оқушылар орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді. Екінші кезең өңірлік тестілеу орталықтары базасында ұйымдастырылады.

Олимпиадаға тіркелуді 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізуге болады.

Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектептерінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. Олимпиаданың бес мың финалисі Елбасы Академиясының «Вirge oqý» онлайн-мектебінде тегін оқи алады.

2020 жылы «Мың бала» олимпиадасына 295 мың оқушы қатысты. Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті &ndash Елбасының  Еl Úmiti - талантты жастарды анықтау және қолдау бастамасы аясында өткізіледі. Олимпиаданы Елбасы Академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырады.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 13:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30