Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтан жолында бұрын-соңды болмаған жаңа технология қолданылды

  • Нұр-Сұлтан жолында бұрын-соңды болмаған жаңа технология қолданылды

    Нұр-Сұлтан жолында бұрын-соңды болмаған жаңа технология қолданылды

"Премиум" тұрғын үй кешені аумағындағы жаяу жүргіншілер өткелі жол белгісімен және таңбалар проекциясымен біріктірілді 

Нұр-Сұлтан қаласында Жетісу саябағы мен Сарайшық көшесі аумағындағы жолайрықта жаяу жүргіншілер жолын проекциялық жарықтандыру жобасы іске қосылды.

"Премиум" тұрғын үй кешені орналасқан бұл учаскеде көлік қозғалысы ерекше қарқынды. Аталған орын жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы аясында таңдалды.

"Мұнда жаяу жүргіншілер өткелі жол белгісімен және таңбалар проекциясымен біріктірілген. Бұл орын түнгі уақытта төрт жарықдиодты проектордың көмегімен жарықтандырылады", - деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кез келген ауа райында автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолдағы ақ-сары түс пен жол белгілерін анық көре алады.  

Бұл технология елімізде алғаш болып Нұр-Сұлтан қаласында қолданысқа енгізіліп отыр.

sputnik.kz




Көрілген: 1186    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 01:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31