Нұр-Сұлтан қаласы мемлекет дамуының локомотивіне айналды - Алтай Көлгінов
«Қазақстанның астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы - Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерінің бейнесі, еліміздің өсіп келе жатқан қуатын және оның одан әрі дамуының жоғары әлеуетін көрсетеді» , - делінген әкімнің құттықтауында.
Сондай-ақ, Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы мемлекет дамуының локомотивіне айналғандығын жеткізді. «Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның халықаралық беделін нығайта түседі және мемлекет дамуының локомотивіне айналды, оның болашақ экономикалық тұрғыдағы көрінісі болып саналады. Бұл әлемнің жетекші мегаполистерімен сенімді түрде бәсекеге түсетін қала, 21 жыл ішінде әлемдік қауымдастықтарды даму қарқынымен және жылдамдығымен таңқалдыра отырып, үлкен серпіліс жасай алды», - деді әкім.