Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала бесінші қабаттан көліктің үстіне құлап түсті

  • Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала бесінші қабаттан көліктің үстіне құлап түсті

    Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала бесінші қабаттан көліктің үстіне құлап түсті

Нұр-Сұлтанда соңғы күндері үш бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бірінші оқиға 25 шілде сағат 17:39-да Күмісбеков көшесіндегі үйде болды.  Төрт жасар бала орындық арқылы терезеге мініп, 5-ші қабаттан автокөлік үстіне құлаған. Бүлдіршін түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полицияның ақпаратынша, бала күтуші бұл уақытта үйде ұйықтап жатқан. Ал анасы Бурабайға демалуға кеткен.

Дәл сол күні кешкі 19.30-да алты жасар қыз екінші қабаттың терезесінен кіреберістің маңдайшасына құлады. Баланың әкесі бұл кезде далада жүрген. Оқиға Қосшығұлұлы көшесінің бойындағы үйде болды.

26 шілде аудандық полиция бөліміне ауруханадан 5 жасар бала түсті деген хабар келді.

"Тексеріс барысында түнгі бір шамасында кішкентай қыздың Кубрин көшесіндегі үйде үшінші қабаттың терезесінен құлап түскені анықталды. Ол түрлі жарақатпен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ата-анасы бұл уақытта үйде болған, бала өз бөлмесіндегі ашық тұрған терезеден құлап кеткен", – делінген хабарламада.

Полицияның ақпаратынша, жыл басынан бері қалада 18 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлады, біреуі көз жұмды.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 15:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30