Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда Әбу Насыр әл-Фарабиге ескерткіш қойылды

  • Нұр-Сұлтанда Әбу Насыр әл-Фарабиге ескерткіш қойылды

    Нұр-Сұлтанда Әбу Насыр әл-Фарабиге ескерткіш қойылды

Ғұлама мүсіні қола мен граниттен жасалған, оның биіктігі – 9,5 метр.

Елордада Әбу Насыр әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының алдында Әбу Насыр әл-Фарабиге ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ғұлама мүсіні қола мен граниттен жасалған, оның биіктігі – 9,5 метр. Авторлық топ құрамында мүсіншілер – А. Бүркітбаев, Д. Сарбасов, Қ. Бегулиев, А. Тоқбаев және Д. Үсенбаев бар.

Ескерткіштің ашылуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев арнайы қатысты. 

«Құрметті зиялы қауым! Ұлы ойшыл ғұлама, Аристотельден кейінгі ғаламдағы екінші ұстаз атанған әл-Фараби – біздің ғана емес, тұтас адамзаттың бағына біткен тұлға. Ғылымның сан саласын жетік меңгерген философ метафизика, эпистемология, эстетология, этика, физика, астрология, психология мен музыка салаларының теориялық негізін қалаған энциклопедияшы ғалым. Оның жазған еңбектері 10-ғасырдан бүгінге дейін маңыздылығын жойған жоқ. әл-Фараби ортағасырлық ағарту кезеңіндегі Шығыс пен Батыстағы ақыл-ой алыптарының бірі әрі еңбектері бүкіл әлемге тараған ойшыл», - деді Мемлекеттік хатшы ескерткіштің салтанатты ашылуында.

Оның айтуынша, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы өзінің «Ұлы даланың 7 қыры» әйгілі ғұлама ғалымның тұлғасы мен мұрасына лайықты баға берген. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өткен 2020 жылы – әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. 

«Атақты жазушы Фредерик Старр «Ұмытылған ұлылық» кітабында әл-Фарабидің қызығушылық аясы кең болғанын, сол арқылы ғылымдарды толығымен жіктеп, әрбірінің шекарасын сызып, білімнің барлық саласы үшін мықты негіз жасаған Исламдағы бірінші тұлға деп атаған. Сондай-ақ, көрнекті ғалым Ибн Халликан да ғылымда ешкім бұл кісінің дәрежесіне дейін көтерілген емес деп жазған екен. Осы ретте әл-Фараби атамызды туған топырағымен қайта қауыштырып, туған ел үлесінде қалуға зор еңбек сіңірген қазақ ғалымы Ақжан әл-Машаниді де еске алуымыз орынды деп есептеймін. Баба еңбектерін әлемнің барлық мұрағатрары мен кітапханаларынан іздестіріп, 1971 жылы Мәскеуде өткен ЮНЕСКО-ның оныншы конгресінде әл-Машани бастаған ғалымдар қазақ даласында дүниеге келгенін дәлелдеп шықты», - дейді Қ. Көшербаев.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік трактаттарында жазылған бақытты, қайырымды және мейірімді адамдар сипаттамасы хакім Абайдың «Толық адам» концепциясымен үндес екенін атап өтті. «Ақыл-ой мен білім – адамзаттың ең жоғары ізгілігі. Білімсіз адамгершілік молаймайды, ғылым мен тәрбие үштасқанда рухани сауаттылыққа ғана жол ашылады» деп жазады әл-Фараби. Абайдағы «Толық адам» да – рухани жетілген, кемеліне келген адам. 

«Адамзат баласы осы уақытқа дейін түрлі кезеңді бастан кешіруде. Ағарту ісі, білім мен ғылым дамуы шарықтап барып, қайта құлдырауға кеткен кезеңдер де болды. Қазір біз жаңа ғасыр басында жаңа шақырулар алдында тұрмыз. Тәуелсіз Қазақстанның жастары жаңа көзқарастағы ойы озық, санасы терең, азат рухты болуы керек. 

Қадірменді қауым! Бүгінде Тәуелсіздіктің арқасында баба мұрасын жаңғыртып, есімін ұрпақ санасында мәңгі қалдыруда біраз жұмыс атқарылып жатыр. Ұлы философ атындағы ұлттық университет, оқу орындары, ескерткіштер мен көшелер бар. Ғылыми-техника саласындағы ең жоғары марапат – әл-Фараби атындағы мемлекет сыйлығы тағайындалды. Енді бүгін біз сіздермен бірге еліміздің рухани өміріндегі, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы маңызды оқиғалардың бірі – ұлы ойшыл, ұстаз, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған елордадағы ескерткіштің ашылуында тұрмыз. Бұл ұлтының ұлы ұлына көрсеткен құрметінің бір парасы. Жобаны жүзеге асырған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне және Айдос Бүркітбаев бастаған авторлар мен мүсіншілерге алғыс білдіреміз. Бұл ескерткіш ғұлама атын иеленген Оқушылар сарайына келетін жас жеткіншектердің жүрегінде сәуле жағып, ой-санасын оятатын зердеге айналсын деп тілек айтамыз», - деді Қырымбек Көшербаев.




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 13:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31