Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда алты мекеме карантин талабын бұзды

  • Нұр-Сұлтанда алты мекеме карантин талабын бұзды

    Нұр-Сұлтанда алты мекеме карантин талабын бұзды

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтауда.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда карантин тәртібі алты мекемеде бұзылғаны анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мониторингтік топтар бірқатар мекемелерді әкімшілік жауапқа тартты.

Сарыарқа ауданындағы Кенесары көшесі, 8 мекен-жайында орналасқан «Адем» қонақ үйінің қызметкерлері жұртшылыққа бетпердесіз қызмет көрсеткен. Бұл сәтте ғимаратта 9 адам болған.

Есіл ауданындағы Достық көшесі, 18 мекен-жайында орналасқан «Back to Hemingway» бары карантин режимін бұзып, кальян шегу қызметін ұсынған. Ал Тұран даңғылы, 2 мекен-жайындағы «Aura Alanya» түнгі клубы түн ортасынан кейін жабық есік арқылы жұмыс істеді.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысының бұзылуы Азербаев көшесі, 47 мекен-жайындағы «One shot» компьютерлік клубында және Алматы ауданындағы Қордай көшесі, 50 үйде орналасқан «Home bar» барында анықталды.

Мониторингтік топ Байқоңыр ауданындағы Пушкин көшесі, 9 мекен-жайында орналасқан «Ачичук» кафесінде бір үстелдегі қонақтар саны тым көп екенін анықтады. Бір үстелде 8 адамнан артық болғаны белгілі болды.

Жиналған материалдың бәрі тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек.




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 22:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31