Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай жас жұбайлардың некесін қию салтанаты өтті

  • Нұр-Сұлтанда «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай жас жұбайлардың некесін қию салтанаты өтті

    Нұр-Сұлтанда «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай жас жұбайлардың некесін қию салтанаты өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай жас жұбайлардың некесін қию салтанаты өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елімізде 15 сәуірде ғашықтар күні атап өтіледі. Мереке қазақ эпосы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасының кейіпкерлеріне арналған. Бұл күн алғаш рет 2011 жылы тойланды. Осыған орай «Есіл» ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері елордалық жас жұбайларға неке қию туралы куәлік табыстады.

«Дәл бүгін бүкіл ел алдында отбасымыздың алғашқы куәлігін алатынымызға қуанып тұрмыз. Бұл күнді асыға күттік. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты тойымызды өткізе алмадық. Дәл осы астанада таныстық, енді астанада үй болып жатырмыз. Біз үшін астана ғашықтар қаласы», - деді Думан Шора.

Салтанатты шара ЕХРО-2017 алаңында «Нұр Әлем» сферасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілді. Жастардың қуанышты сәтіне куә болуға келген Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ләззат Рамазанова құттықтау сөз сөйлеп, жас жұбайларға неке куәліктерін табыстады.

«Осындай шуақты күні, елордамыздың төрінде 9 отбасының жаңа өмірге қадам басуына куә болып отырмыз. Осы күнді бекерден-бекер таңдап алмадық. Бүгін халқымыздың аңызға айналған махаббат символы Қозы Көрпеш- Баян Сұлу күні. Адамзат үшін махаббат ежелден бері ерекше сезім. Бүгін отбасын құрған жастардың махаббаты баянды, құрған шаңырақтары берік болсын», - деді Берік Жәкенов.




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 16:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31