Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда мүгедек баланың анасын автобусқа кіргізбей қойған жүргізуші жазаланды

  • Нұр-Сұлтанда мүгедек баланың анасын автобусқа кіргізбей қойған жүргізуші жазаланды

    Нұр-Сұлтанда мүгедек баланың анасын автобусқа кіргізбей қойған жүргізуші жазаланды

Елордада мүгедек баланың анасын автобусқа кіргізбей қойған жүргізуші жұмыстан қуылып, әкімшілік жаза арқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтандағы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова мәлім етті. 

"№1 автобус паркі кеңесінің тәртіптік қорытындысына сәйкес, 2021 жылғы 11 қаңтар күні №60 автобустың жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау туралы ережені сақтамаған. Оны автобус салонында түсірілген видеожазба дәлелдеп отыр. Автобус жүргізушісінен жазбаша түсініктеме алынды. Автобус паркі кеңесінің шешіміне сәйкес, бүгінде тәртіпті бұзған жүргізушімен еңбек келісімшарты үзілді. Болған оқиға қайталанбау мақсатында барлық автобус жүргізушілер құрамы жолаушыларды қоғамдық көлікке отырғызу және одан түсіру ережесімен қайта таныстырылды", - деді  Оксана Лоскутова.

Бұған қоса, жүргізуші айыппұл арқалаған.

"Нұр-Сұлтан қаласы Әкімшілік полиция басқармасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің №593 бабына сәйкес қоғамдық көлік жүргізушісіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салды. Өз кезегінде №1 елордалық автобус паркі әкімшілігі жүргізушінің бейәдеп әрекеті үшін кешірім сұрайды", - деп қосты ол.




Көрілген: 211    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 22:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31