Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтандағы драма театрдың директоры мен оның қол астындағылар сотталды

  • Нұр-Сұлтандағы драма театрдың директоры мен оның қол астындағылар сотталды

    Нұр-Сұлтандағы драма театрдың директоры мен оның қол астындағылар сотталды

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты М.Горький атындағы орыс драма театрының басшыларына қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сот талқылауы аясында мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты да үкім шығарылды. 
Оларға театрды күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылған. 
Театр директоры Қасеновке өзінің орынбасары Сәттібаевпен 4 эпизод бойынша алдын ала сөз байласу арқылы ақша жымқырды және жымқыруға оқталды деген айып тағылды.

Сондай-ақ сотталушылардың қатарында "АДС САПА" ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Ербатыров, "СТ-Инженеринг" ЖШС директоры (қалпына келтіру бойынша техникалық қадағалау) Кенжетаев болды, бұл қылмысты "Ади-Жан" ЖШС директоры Дастанов пен "Астана-Көкше" ЖШС директоры Байсалбеков ұйымдастырған. 

"Сот Қасенов, Дастанов, Ербатыровтың театрды күрделі жөндеуге бөлінген 370,5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны жымқырғанын анықтады.

Сондай-ақ, Қасенов пен Байсалбеков жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген 32,5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған.

Мамандар мен сараптамалардың қорытындысы негізінде төлем жасалған актілердің жалған екені анықтады. Актілерге іс жүзінде орындалмаған жұмыстар мен қызметтер енгізілген", - делінген сот хабарламасында.  

Сот үкім шығарарда Саттыбаев, Дастанов, Байсалбеков және Кенжетаевтың балаларының барын ескерді. 

Әрбір сотталушының қылмысқа қатысу рөлі мен дәрежесін, келтірілген шығынның бір бөлігін (370,5 миллион теңгенің 9 миллионын) өтегенін ескере отырып, сот мынадай жаза кесті:

  • Е.Т. Қасеновті ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 24-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша 9 жыл бас бостандығынан айыру.
  • Д.Д. Дастанов, А.Б. Байсалбеков осы баптар бойынша 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Б.С. Ербатыров 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
  • Е.А. Саттыбаевты ҚК-ның 371-бабы 2-бөлігі бойынша - 2 жыл бас бостандығын шектеу.
  • М.Ж. Кенжетаевты ҚК-нің 280-бабы 1-бөлігі бойынша, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру.
  • Е.Т. Касеновқа қосымша жаза - өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру, ал Е.А. Саттыбаевқа 3 жыл мерзім тағайындалды.

Сотталушылар мен азаматтық жауапкерлерден залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 956    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 22:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31