Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында ер адам 18 метр биіктен құлап кетті

  • Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында ер адам 18 метр биіктен құлап кетті

    Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында ер адам 18 метр биіктен құлап кетті

28 жастағы қазақстандық Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында 18 метрлік биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мақсат Төлжанов Нұр-Cұлтан қаласындағы Орлыкөл көшесіндегі цехтың шатырын жөндеп жатқан кезде алтыншы қабаттың биіктігінен құлап кеткен.

 
"Ол жұмысқа бейресми орналасқан. Онда олар шатырды жабатын, оны досының ағасы шақырды, олар жұмыс көлеміне қарай сөзбен келіспек болған. 17 қыркүйекте күйеуім ұлымды балабақшаға, ал мені жұмысқа апарып тастад. Өзі құрылысқа кетті.

Кейін маған сағат 10.30 шамасында оның құлағанын хабарлады. Тергеушілердің сөзінше, бір құрылысшы төменде, кранның жанында тұрды, ал күйеуім тросты ұстап, жүкті шатырға бағыттаған. Сол кезде трос үзіліп, Мақсат 18 метр биіктіктен құлаған, бұл шамамен 6 қабат. Маған оның оқиға орнында қаза болғанын, басын қоқыс жәшігіне ұрғанын айтты", - деді марқұмның әйелі Динара Жақаева.

18 қыркүйекте Мақсат Төлжановтың жесірі полицияға арыз жазды.

"Тергеушілер қорғаныс белдігі бекітілетін периметрдің айналасында қорғаныс жоқ екенін айтты. Оның дулығасы, ғимараттың периметрі бойынша бекітпелер болмаған. Трос қалың болды, бірақ ішінен шіріп кеткен", - деп бөлісті әйел.

Жұбайының айтуынша, нысанда жұмыс істеген барлық команда жұмысқа ресми түрде орналаспаған.

"Полицияда маған оқиға құрылыс алаңында болғанын айтты, сондықтан оны әкімдіктегі арнайы комиссия қарайды. Осыдан кейін ғана іс біздің тергеушіге тапсырылады. Әкімдік қызметкері маған арнайы тексеруге бұйрық жоқ екенін айтты, себебі Мақсаттың әріптестері қандай да бір құжаттарды тапсырып, болған жағдай туралы айтып беруі тиіс. Оларды шақырды, бірақ олар келмеді. Біреуі ауырып қалды, біреуі кнле алмады", - деді Динара Жақаева.

"Мен олар істі жауып тастайды деп қорқамын, кімге қажет болса, олар пара береді. Мен арнайы тексеріске қатысқым келді. Тергеуші бұл туралы өтініш бере алатынымды айтты, бірақ әкімдік қызметкері маған тыйым салды, өйткені менің бұл жағдайға ешқандай қатысым жоқ екен. Мен күйеуімді абайсыздықта айыптап, істі жабады ма деп қорқамын.

Заңның қыр-сырын түсінбеймін және адвокат жалдадым. Менің қалайтыным - бәрі заңға сәйкес болса екен. Мақсатты қайтару мүмкін емес. Біздің кішкентай ұлымыз қалды. Менің күйеуім 28 жаста еді. Басқалардың осылай өлгенін қаламаймын. Мен қылмыскерлердің жазаланғанын қалаймын", - деп түйіндеді ол.

Елордадағы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Өкінішке қарай, жұмысшы қаза болды. Өлімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы арнайы тергеу жүргізуде. Қылмыстық іс бақылауда", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 20:40
    Егін – 2020

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31