Ел жаңалықтары

Нығматулин қайта парламент мәжілісінің төрағасы болып бекітілді

  • Нығматулин қайта парламент мәжілісінің төрағасы болып бекітілді

    Нығматулин қайта парламент мәжілісінің төрағасы болып бекітілді

Парламенттің жаңа депутаттары ант қабылдап, парламент мәжілісінің төрағасын бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжілістің жаңа депутаттары Конституцияға қолдарын қойып, ант етті. 

 
"Қазақстан халқына қызме етуге, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен тұтастығын арттыруға, Конституция мен заңдарға қатаң бағынуға және өзіме жүктелген міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді мәжілістің жаңа депутаттары

Сонымен қатар, парламент мәжілісінің төрағасы қызметіне Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин қайта ұсынылды. 

Елбасы Нұрлан Нығматулинді VII шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы қызметіне ұсынды. Біз де депутаттар болып, бұл шешімді қолдадық дейді депутаттар. 

Шешім арнайы жасырын дауыс беру нәтижелері арқылы шығарылып, жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша, Нығматулин парламент мәжілісінің төрағасы болып бекітілді. 

Санақ комиссиясы дауыстарды санап, 100 бюллетень берілгенін айтты. Жарамсыз бюллетень болған жоқ. 100 депутат та Нығматулинге дауыс берген. 

Осылайша Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин парламент мәжілісінің төрағасы болып қайта сайланды. 

"Құрметті, әріптестер. Ең алдымен, мені тағы да осы жоғарғы лауазымдық қызметке мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Әсіресе, Елбасы мен мемлекет басшысының маған артқан үмітін ақтауға бар күшімді салатын боламын", - деді Нығматулин. 

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев мәжілістегі "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының басшысы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 13:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31