Ел жаңалықтары

"Ол ақталса менің өміріме қауіп төнеді": Елордалық кәсіпкер өзін өлтіруге тырысқан досының жазаға тартылғанын қалайды

  • "Ол ақталса менің өміріме қауіп төнеді": Елордалық кәсіпкер өзін өлтіруге тырысқан досының жазаға тартылғанын қалайды

"Ол ақталса менің өміріме қауіп төнеді": Осыдан жеті жыл бұрын бала күнгі досының тапсырысымен жалдамалы жендеттер атқан оқтан жарақат алған Олжас Мұқажанов осылай деп бүгін журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

Себебі бірнеше жылдан кейін Нұр-Сұлтан қалалық сотында қайта қаралып жатқан сотта сөз алған прокурор, "травматикалық қарумен бір жарым метрден атылған оқ адам өліміне әкелмейді деген Васильев есімді сарапшының қорытындысына сілтеме жасап, "адам өлтіруге оқталу" бабын "бұзақылыққа" ауыстыру жөнінде ұсыныс айтқан. "Қылмыстық істің бабын ауыстыру – адам өлтіруге тапсырыс берушіні ақтау" – дейді кәсіпкердің өзі.

 
Айта кету керек, 2014 жылы кәсіпкер Олжас Мұқажанов пен оның танысын белгісіз біреулер травматикалық қарумен Бәйтеректің түбінде атып кетеді. Алты оқтың бірі кәсіпкердің басына тиген.

Кейін Олжас Мұқажановтың бизнесін тартып алу үшін оны өлтіруге тапсырыс бергісі келгендердің қылмысы сотпен дәлелденіп, бас бостандығынан айырылады. Ал, қылмысқа тапсырыс берді деген айыппен кәсіпкердің досы Ерлан Анарбекке халықаралық іздеу салынған. Кәсіпкер, егер қылмыстық істің бабы бұзақылыққа бұрмаланса, тапсырыс беруші жазадан құтылып кетеді деп қапалы.

"Cотталушылар барлық шындықты айтқан болатын. 2018 жылы Жоғарғы сотта ісіміз қаралып жатқанда, сотталушылар, Анарбек Ерлан Садыровтан мықты жігіттер тауып бер деп өтінгенін, Садыров оған тауып бергенін, оларға тапсырыс бергенін айтқан. Енді қалай бұл іс бұзақылық бабымен қаралуы керек? Анарбек Ерланның танысы көп, қолы ұзын. Ол ақталса, менің өміріме қайта қауіп төнеді", - деп үрейленеді жәбірленуші Олжас Мұқажанов.




Көрілген: 1540    Пікірлер: 0

сенбі, 16.10.2021, 13:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 15:36
    БІЛЕКТІ БАУЫРЖАН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31