Ел жаңалықтары

Оралда қатардағы жауынгер өзін-өзі атып өлтірді

  • Оралда қатардағы жауынгер өзін-өзі атып өлтірді

    Оралда қатардағы жауынгер өзін-өзі атып өлтірді

Оралда қатардағы жауынгер өзіне қарудан оқ атып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 маусым күні шамамен таңғы сағат 05.30-да болды.

Ақтөбе қаласынан шақырылған 5517-әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Қ. қарауылда қызмет атқару кезінде бекітілген қарудан иегіне оқ атып, өзін-өзі жаралады.

Жедел жәрдем бригадасымен әскери қызметші ауруханаға жеткізілді. Медицина қызметкерлері шұғыл қолданған шараларға қарамастан, қатардағы жауынгерді аман алып қалу мүмкін болмады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы марқұмның тума-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 2000 жылғы әскери қызметші иек тұсынан оқ жарақатын алып, облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көлікпен соқтығысқан мотоциклдің 15 жастағы жүргізушісі мерт болғанын жазған едік.




Көрілген: 161    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 15:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31