Ел жаңалықтары

Өскеменде мейрамханалар мен сауда орындары ашылды

  • Өскеменде мейрамханалар мен сауда орындары ашылды

    Өскеменде мейрамханалар мен сауда орындары ашылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеулер алынғаннан кейін көтерме сауда орындары, азық-түлік емес дүкендер, қонақ үй кешендері жұмысын бастады

Өскеменде сенбі, 16 мамырда мейрамханалар мен сауда орындары жұмысын бастайды.

Одан бөлек, сауда орындары мен қонақ үйлер де ашылады.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өзге аймақтармен салыстырғанда анағұрлым аз. Бұл карантиндік шектеулердің елден бұрын алынуына себеп болды, деп хабарлады Хабар 24.

Соңғы мәлімет бойынша облыста 57 адам ауруды жұқтырды. Облыстық штаб әу бастан карантиндік талаптарды күшейтудің ең мықты әдістерін қолданып, ауруды өршітпеу үшін барлық қам-қарекетті жасады. Дегенмен тұрғындарды тақ не жұп күндер тәртібімен жүру, көлікке отырғанда арнайы қызыл немес көк түсті рұқсатнаманың болуы сынды талаптардың титықтатып жібергені рас. Енді бүгіннен бастап бұл талап өз күшін жояды. Сенбі-жексенбі күні де көлік қозғалысына шектеу жоқ.

Сонымен қатар көтерме сауда орындары, азық-түлік емес дүкендер, қонақ үй кешендері жұмысын еш кедергісіз бастай алады. Дәмханалар мен мейрамхана иелері де кәсіптерін жалғастырады.Тек жазғы алаңқайларында 30-дан көп адам жиналмауы тиіс. Дәл осындай талап діни нысандарға да қойылып отыр.

Әрине, инфекцияның таралуы әлі ешбір елде тоқтаған жоқ. Сондықтан тым босаңсып кетуге де болмайды. Семей қаласында мәселен, сырқаттанғандар саны өсіп тұр. Сонымен қатар көршілес Ресейдегі жағдай мен Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы жағдайды ескеру керек дейді мамандар. Сол себепті Семей мен Өскеменнің шетіндегі блок-постар әзірге алынбайды.

"Күршім, Қатонқарағай, Зайсан, Көкпекті, Алтай аудандары мен Риддер қаласында инфекция жұқтырған адам тіркелмегендіктен және де басқа облыспен көршілес болмағандықтан біршама объектілердің жұмысы жанданады. Оның ішінде балабақшалар мен білім беру мекемелері, ойын-сауық, мәдени кешендер, азық-түлік сататын және әмбебап базарар ғимараттары жұмысқа кіріседі", - деп атап өтті облыстың бас санитар дәрігері Гүлайым Тағаева.

sputniknews.kz

 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Маусым, 09:49
    Балаларымен қауышты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30