Ел жаңалықтары

Парламент Байқоңырды Ресейге жалға беру уақытын ұзартты

  • Парламент Байқоңырды Ресейге жалға беру уақытын ұзартты

    Парламент Байқоңырды Ресейге жалға беру уақытын ұзартты

Сенат Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға алу шартына түзетулерді қабылдады. Ол Ресей тарапына ғарыш айлағын жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Байқоңыр» кешенін жалға беру шартының 4-бабына түзетулер енгізу бөлігінде хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы «Байқоңыр» кешенін жалға алу мен пайдалануды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді», - делінген сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.

Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде «Байқоңыр» кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-мәдени әлеуетін сақтауға, тиімді пайдалануға және дамытуға мүмкіндік беретін бұрын қабылданған міндеттемелерді үйлестіру күтіледі деп көрсетілген. Сонымен қатар, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделген.

Бұған дейін Қазақстан бюджетіне Байқоңырды пайдаланғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар мөлшерінде жалдау ақысы түсетіні хабарланған болатын. Кешен жалға берілген 27 жыл ішінде бюджетке үш миллиард доллардан аса қаражат түскен.




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 14:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30